Сәрсенбі, Наурыз 3, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Әкесі туралы айтқан Тәуекел Мүсілім еңкілдеп жылап қалды

Қыркүйек 10, 2020
Шоу-бизнес, Қазақстан, Қоғам
Әкесі туралы айтқан Тәуекел Мүсілім еңкілдеп жылап қалды
Поделиться на Facebook

Тәуекел Мүсілім өнер жолында тез танылғанымен, бұл саланың өзіндік қиындықтары барын мойындайды. Бала күнінен тұйық өскен бала көп алдына шығып, өзін көрсетуін үлкен жетістік деп санайды. Актер әкесі мен анасы, жары туралы айтып берді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы «ER-BATYR» жобасында айтылды.  Тәуекел Мүсілім отбасында анасымен, әпкесімен өсті. Ата-анасы бала күнінде ажырасып кеткен. Дегенмен әкесін көріп, танып, біліп өскен. Есімі Алашқа белгілі азаматтың ұлы екенін санасына түйіп өскен. Анасының әкесіне деген махаббатын, құрметі жоғары бағалайды.

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

«Бала күнімде әкем бізге кеп тұратын. Сол кезде анам қонақ күткендей күтетін еді. Ол кезде ажырасып кеткен. Соның өзінде жұмысынан сұранып келіп, дастархан жайып, асыға күтетін. Күлімдеп қарсы алып, бар жақсыны дастарханға салады. Бұл әкеме деген құрметі, махаббаты еді. Бізге ешқашан әкең жаман, бізді тастап кетті деп сөккен емес. 30 жасында ажырасып кетсе де, қайта күйеуге шыққан жоқ. Бұны анамның ерлігі санаймын», – деді актер.

Тәуекел Мүсілім әкесін есіне ала көзіне жас алды. Тіпті сөйлей алмай еңкілдеп жылап қалды. Бұл оның әкесіне айта алмаған сөздері, әкесіз өскен жігіттің мұңы, көңіл-күйі еді. Актердің өзі бала күнінен өте ұялшақ, тұйық болғанын мойындайды.

«Мен өте тұйық едім. Анаммен бірге қонаққа барсам, үйге кірмей далада күтіп отыратынмын. Себебі өте тұйық болдым. Оның бір себебі әкесіз өскенімнен шығар деп ойлаймын. Сөйлей алмайтынмын, көпшілік ортада ойымды жеткізе алмайтынмын. Мен кейін келе өзімді жеңіп, қайрап жүріп ашыла бастадым. Баланың ойын айтып үйрету керек. Баланы аша білу керек деп ойлаймын. Бұл анамның кінәсі емес. Анамның маған көп көңіл бөлуге уақыты да болған жоқ», – деді ол.

Тәуекел әкесінің алдында өзін барынша лайықты ұстауға тырысқан. Бала болса да әкесін жақсы көрді, іздеді.

«Біз бір бөлмелі пәтерде тұрдық. Әкем достарын ерте келуші еді. Сол кезде анам, әпкем үшеуміз ас үйде жататынбыз. Әкем үнемі көппен жүретін. Әкем мені өзімен алып кеткенде достарының балаларымен күрестіретін. Мен сол балалардан әкемнің алдында жеңіліп қалмауға, мені мақтанышы деп санауға лайық болуға тырысушы едім», – деді актер.

Тәуекел өз балаларын ешқашан тастап кетпеуге, ажыраспауға өзіне өзі уәде еткен.

«Мен әкесіз өскеннің қандай қиын екенін білемін. Әкенің тәрбиесін алмағаным себепті мен тұйық болдым. Мен ұялшақ болдым. Сол себепті өз балаларым болса, ешқашан тастап кетпеймін деп, ажыраспаймын деген уәдем бар», – деді ол.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Экономист баласы бар отбасыларға зейнетақы жинағын алуға рұқсат беруді ұсынды

Келесі жаңалық

Белгілі композитор: Қазақстанда төсек арқылы әншілікке келетіндер көп, маған да төсек ұсынған әншілер бар

ҰқсасЖаңалықтар

Туған жеріне симаған  Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды
Басты жаңалықтар

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
109
Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
526
20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін
Денсаулық

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
43
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
448
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды
Басты жаңалықтар

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Белгілі композитор: Қазақстанда төсек арқылы әншілікке келетіндер көп, маған да төсек ұсынған әншілер бар

Белгілі композитор: Қазақстанда төсек арқылы әншілікке келетіндер көп, маған да төсек ұсынған әншілер бар

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды
Басты жаңалықтар

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
526
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Басты жаңалықтар

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
448
БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді
Қазақстан

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.3k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туған жеріне симаған Сайрагүл Сауытбай Нюрнберг сыйлығын жеңіп алды

Наурыз 3, 2021
109

Бейсен Құранбектің апасы қайтыс болды

Наурыз 2, 2021
526

20 жастағы қыз көз жұмды. Өз міндетін дұрыс орындамады деген гинеколог 2,5 жылға сотталуы мүмкін

Наурыз 2, 2021
43

Елордада 8 наурызға орай көпбалалы аналарға жеті мың теңгеден берілді

Наурыз 2, 2021
448

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатында 7 адам көз жұмды

Наурыз 2, 2021
272

БҚО тұрғыны мәслихат ғимаратында өзін өртеп жіберді

Наурыз 2, 2021
213
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.