«Кеңес Рақышев түнде елден қашты» деп Glavk.info және Fbi.media сайттары ақпарат таратқан болатын. Соған байланысты Қазақстандық бизенсмен пікір білдірді, деп хабарлайды Neonomad.kz Жас Алаш агезітінің сайтына сілтеме жасап.
Осыдан үш күн бұрын шетелдік Главка.info және fbi.media сайттары кәсіпкер Кеңес Рақышевтың елден қашқаны туралы ақпарат таратқан болатын.
Соған байланысты «Fincraft Resources» АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы Кеңес Рақышев ресми жауап берді.
«Ғаламторда мені 6 шілде күні «Қазақстаннан қашып кетті» деген ақпарат тарап жатыр. Бұл жалған ақпарат Главка.info, fbi.media сайттарында жарияланды. Мен Кеңес Рақышев бұл ақпараттың мүлдем шындыққа жанаспайтынын ресми турде мәлімдеймін. Менің заңгерлерім осыған байланысты сотқа шағым дайындап жатыр», – делінген Кеңес Рақышевтің қолы қойылған ресми хатта.
