Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер — Құдайберген Ержан Төлепұлының қатысуымен «Келтемашат» БПҰ мүшелерімен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өткізілді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Кандидат кездесу барысында сайлауалды бағдарламадағы басым бағыттарға жеке-жеке тоқталып партия мүшелеріне таныстырып өтті.
Ауыл тұрғындары тарапынан ұсыныстар мен тілектер түсіп, олар қарауға жіберілетін болды.
Жиын соңында үміткер «Келтемашат» бастауыш партия ұйымы мүшелерін сайлау күнінде NUR OTAN партиясын қолдауға шақырды.
Сайлауалды үгіт-насихат бағытындағы материалдар «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы Түлкібас аудандық филиалының сайлау қорынан төленеді.