Жексенбі, Қаңтар 24, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға Қылмыс

Ата-анасы қайын жұртты кінәлайды: Алматы облысында 21 жастағы қыз асылып өлді

Қаңтар 20, 2020
Қылмыс, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Оқиға, Өмір
Ата-анасы қайын жұртты кінәлайды: Алматы облысында 21 жастағы қыз асылып өлді
Поделиться на Facebook

Алматы облысында бүтін бір әулет қызымызды суицидке итермеледі деп, полицей күйеу баласы мен оның отбасын айыптады. Айтуларынша, Гүлмайса Жақыбаеваны күйеуі мен ата-енесі қорқытып, 13 миллион теңге ұрлықты мойнына алуға мәжбүрлеген. Тіпті, сәбиінен бас тартқызыпты. Осыған қорланған 21 жастағы келіншек төркінінің үйінде асылып қалған. Видеоүндеу жазып, әлеуметтік желіге таратқан марқұмның анасы жергілікті полицияның тергеуді әділ жүргізетініне сенбей отыр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Гүлмайса Жақыбаева Жаркенттің шетіндегі үйден асылған күйі табылған. Мұнда марқұмның ата-анасы тұрады. Жас келіншек төркініне күйеуімен жанжалдасып қалған соң келіпті. Ал келесі күні таңда өз-өзіне қол салған. Жақындары дереу жедел жәрдем шақырғанымен, 21 жасар келіншекті ажалдан арашалап қалу мүмкін болмады. Гүлмайса бір жарым жыл бұрын Жанат есімді полицей жігітке тұрмысқа шыққан. Ал оны суицидке итермелеген жағдай бір апта бұрын болды дейді қара жамылған ата-ана. Сол күні Жанат Қуанышбаев келіншегін сотқа апарып, өзгенің қылмысын мәжбүрлі түрде мойындатқан көрінеді.

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

«Бұны әбден қорқытқан, өзі де бұрыннан қорқады екен ғой, бізге білдіртпей жүрген. Қағазды жазғызған. Ол қағазға: «Мен 13 миллион теңге ұрладым, ұрлағаным рас, мойындаймын» деп жазғызған», – деді марқұмның анасы Ардақ Жақыбаева.

Мұнымен қоймай, «Бес айлық баламнан бас тартамын» деп жазғызыпты. Марқұмның әбден қорқып тұрғанын көріп, соттағылар қағазды қабылдамаған. Ал күйеуі қолхатты қыздың ата-анасына көрсетіпті. Гүлмайса осының бәріне шыдамаса керек. Мұны марқұмның күйеуіне жазған соңғы хатынан аңғаруға болады.

– Сен маған ұрламаған нәрсені мойындатып, «қайтадан қосыламыз» деп алдадың. Әкем мен кенже ағамның алдында масқара етіп кеттің ғой. Енді елдің бетіне қалай қараймын?

Жақыбаевтар әулеті жағдайға полицей күйеу баласын ғана емес, оның отбасын да кінәлайды.

«Өзіне қол жұмсауға жеткізіп отырған ол – атасы Тұмабаев Амангелді, күйеуі  Қуанышбаев Жанат, енесі Тұмабаева Эльмира», – деді марқұмның анасы Ардақ Жақыбаева.

Бұлар «іс жылы жабылып, кінәлілер жазадан сытылып кете ме» деп қауіптенеді. Өйткені сараптама жасалып жатқан кезде марқұмның күйеуі мен қайын атасы мәйітханада жүрген дейді шағымданушылар.

«Жазбаның бәрін өзгертпекші болған ғой, сот-медициналық сараптаманы. Өйткені мына жерде электрошокпен күйдірген ізі бар дейді, қолы көгерген», – деді марқұмның әпкесі Кәмшат Жақыбаева.

Қаралы отбасы енді құдалары теңдік бермей кете ме деп қорқады. Сондықтан істің әділ жүргізілуін талап етіп, полиция бөлімінде шу көтерді. Ешкім шықпаған соң, ашулы ағайын-туыс ішке басып кірді. Көп ұзамай басшылар да келді. Сөйтсе, Гүлмайсаның өліміне байланысты «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабымен қылмыстық іс қозғалыпты. Ал Жанат Қуанышбаев аяқ астынан денсаулығына байланысты демалысқа кеткен.

«Қазір күдікті болып танылған жоқ. Қорғануға құқығы бар ретінде, куә ретінде жауап алынған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру енді басталды. Біз керекті сараптамаларды тағайындадық. Солардың қорытындысын ала келе, заңды шешім қабылдаймыз», – деді Панфилов аудандық ПБ бастығының орынбасары Айдар Әбдірахманұлы.

Айта кетейік, жігіттің отбасы Қоңырөлең ауылындағы шаруа қожалығының иесі. Үйіне барғанымызда ешкім есік ашпады. Ауыл тұрғындары мен қызынан айырылған әулет мемлекет басшысына дейін хат жолдаған. Олар кінәлілердің тиісті жазаға тартылуын талап етеді.

Бөлісу76ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Ұсталған әкім үшін Сағынтаев отставкаға арыз жаза ма?

Келесі жаңалық

«Бек Эйр» кемшіліктерді 6 айда жоймаса, сертификаттан айырылады — комитет

ҰқсасЖаңалықтар

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
369
Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді
Денсаулық

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
23
АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды
Әлем

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
12
Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
462
Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті
Әлем

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
179
Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды
Әлем

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Bek Air басшысы: Отаннан орын табылмаса, Қырғызстанға кетеміз

«Бек Эйр» кемшіліктерді 6 айда жоймаса, сертификаттан айырылады — комитет

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады
Әлем

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
462
Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым
Шоу-бизнес

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
369
Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады
Басты жаңалықтар

Гивтен бір күнде 18 млн. Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртас Instagram-нан қанша табыс табады

Қаңтар 23, 2021
361
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.5k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Майғазиев: Осы «Сәкен ауырмайды екен да…» дегенді оқып жағамды ұстадым

Қаңтар 23, 2021
369

Әйел 5 айда қалай 40 кг салмақ тастағанын айтып берді

Қаңтар 23, 2021
23

АҚШ тұрғыны лотореядан 1 млрд доллар ұтып алды

Қаңтар 23, 2021
12

Тынышталдыру үшін. Ер адам әкесінің жыныс мүшесін кесіп тастады

Қаңтар 23, 2021
462

Моңғолияда босанған әйел мен баласын далаға шығарған. Үкімет отставкаға кетті

Қаңтар 23, 2021
179

Қазақ қызы Байден әкімшілігінде лауазымды қызметке тағайындалды

Қаңтар 23, 2021
17
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.