2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап iOS және Android операциялық жүйелерінің ескі нұсқаларында WhatsApp істен шығады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.
Қосымшаның жұмыс істеуі үшін Android-та 4.0.3 және одан жоғары, ал iOS-та 9, KaiOS-та 2.5.1 және одан жаңасы болуы тиіс.
Девайстарда ескі нұсқалар болған жағдайда WhatsApp қолданушылары қосымшада тіркеле алмайды және өзінің қазіргі аккаунтында пайдалан алмайды.
Компания ескі смартфондар үшін жаңа жүйе құрастырмайды, сол себепті кейбір қосымшалар кез келген уақытта істен шығуы мүмкін.