Жалған ақпараттың таралуына байланысты Ұлттық кардиохирургия орталығы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Елорда Инфо.
«Біздің орталықтың және кардиохирург-дәрігер Юрий Пяның атынан гипертония және басқа да жүрек аурулары препараттарын жарнамалауына қатысты еліміздің барлық өңірінен және жақын шет елдерден сауалдар келіп түсуде. Осыған байланысты бұл ақпараттың жалған екенін хабарлаймыз. Және осы секілді жарнамаға сенбеуге, сонымен қоса өздіктеріңізден ем-шара қабылдамауға шақырамыз», – деп хабарлайды Ұлттық кардиохирургия орталығы.
Сондай-ақ, орталық бүгінде жалған ақпарат таратуға қатысты күдіктілерді іздестіру мақсатында құқық қорғау органдарына өтініш білдірді.Айыптылар ұсталған жағдайда қылмыстық жауапқа тартылады.
Одан бөлек, кардиохирургия орталығы тұрғындардан егер сұрақтар туындаған немесе күдіктенген жағдайда 8 (7172) 272 090 нөмірлі Call-орталығына хабарласуға немесе cardiacsurgery.kaz@gmail.com электронды поштасына хат жолдауға болатынын хабарлайды.
Сонымен қатар, Facebook және Instagram әлеуметтік желілері бар.