Сәрсенбі, Қаңтар 27, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Оқиға Қылмыс

«Кабинетке кірсем, ішкиіммен отыр»: Қызқұмар басшы төсектен бас тартқанның соңына түскен

Тамыз 12, 2020
Қылмыс, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Оқиға, Өмір
«Кабинетке кірсем, ішкиіммен отыр»: Қызқұмар басшы төсектен бас тартқанның соңына түскен

Сурет: hockeytape.ru/972.php

Поделиться на Facebook

Алматы облысының Есік қаласындағы ақыл-есі кем науқастарға арналған орталықтың медбикелері мекеме директорын ішімдікке сылқия тойып, қызметкерлерге қол жүгіртеді деп айыптады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Айтуларынша, қызқұмар басшы төсектен бас тартқан жұмысшылардың соңына түсіп, келіспегендерге қысым көрсетеді екен. «Аманат» арнаулы қызмет көрсету орталығының басшысы бұл айыпты мойындамады, деп хабарлады КТК.

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

Эльмира Асқарова білдей басшының қызқұмар қылықтарын жалпақ жұртқа жария етуге бел буған. Алматы облысындағы ақыл-есі кем науқастарға арналған орталықтың медбикесі директордың қыз-келіншектерге қол жүгіртіп, жыныстық қатынасқа тартатынын айтады.

Көзіне түскенді кабинетіне шақырып, ішімдік ішуге мәжбүрлейді, дейді шыр-пыр болған қызметкер.

«Кабинетіне шақырып, кел, ішейік деді. Мазақ қылды. Жыладым да, кабинетінен шығып кеттім. Тоқташы, бір айналып жіберші, фигураңды көрейін деді. Тікелей басшыма барып, жыладым», – дейді медбике Эльмира Асқарова.

Қарамағындағы қызметкерлерді палатада емес, төсекте көргісі келетін басшы, әсіресе ажырасқан немесе күйеуі қайтыс болған жалғызбасты келіншектерге қырғидай тиетін көрінеді.

«Кабинетке кірсем, ішкиіммен отыр. «Енді не істейміз? Бастаймыз ба?» дейді. «Нені? дедім. Ол бірақ бой бермей, шашымнан ұстап бас салды. Есін білмейтін мас. Итеріп жіберіп,  алды-артыма қарамай қаштым. Сосын жылап, әріптестеріме айттым. Бұл деген барып тұрған бассыздық қой!», – деп ашуланды медбике Айнұр Керімова.

Есік қаласындағы «Аманат» арнаулы қызмет көрсету орталығына жаңа басшы ақпан айында келген екен. Содан бері жұмысшылардан маза кетіпті. Күшейтілген карантинде «артығымен жұмыс істедік» деген наразы топ айлықтың қысқарғанына да қапалы.

«Біздің айлығымыз ай сайын төмендеп бара жатыр. Бухгалтерияға барсақ, «Бедный месяц» дейді. Сонда қалай, мемлекетте айлар «бедный», «богатый» болып бөліне ме? Эльмира деген қыз жылап келгеніне өзім куәмін. Кешкі сегізге бастық шақырды деді. Сол кезде сенімен бірге барайын, жұмыстан шығарса, шығара берсін деп айттым», – дейді бақылаушы-санитар Айдар Сәменов.

Басшылықтың бассыздығын айтқан медбикелер бас прокуратура, еңбек инспекциясы мен жауапты министрлікке арыз жазыпты. Ал аурухана басшысы Мақсат Бекетаев өзіне шаң жуытқан жоқ. «Қол астымдағы қызметкерлер күшейтілген талапқа көнбей, негізсіз жала жауып отыр» дейді ол.

«Бәрі жала. Бәрі өтірік. Мынаны екі-үш адам ұйымдастырып отыр. Мен сотқа берейін деп жатырмын. Сот бәрін анықтайды. Қаржы полициясы бәрін тексереді, сосын өздері шешім шығарады. Айлық туралы айтқандары да өтірік», – дейді Мақсат Бекетаев.

Есік қаласындағы ақыл-есі кем адамдарға арналған орталықта 500-ден астам науқас бар. Ал оларға 300-ге жуық медициналық маман қызмет көрсетеді. «Құқығымыз тапталды» деген қызметкерлер құзырлы орындарға екі ай бұрын шағымданыпты. Ең сорақысы, олардың жанайқайына әлі күнге дейін ешкім назар аудармаған. Орталықтың қызметкерлері қызқұмар басшымыз бассыздығын тоқтатпаса, базынамызды мемлекет басшысына жеткіземіз деп отыр.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

"Неге бәрі әншілерді шіріген бай деп ойлайды?": Маржан Арапбаева ренішін жеткізді

Келесі жаңалық

"Кейбір сөздер сүйектен өткен шығар": Дәрігер тұрғындармен неге дөрекі сөйлескенін түсіндірді

ҰқсасЖаңалықтар

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да
Өмір

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Қаңтар 27, 2021
1
Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады
Қылмыс

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

Қаңтар 27, 2021
44
Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды
Өмір

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
10
«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)
Қазақстан

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
19
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Қазақстандағы зейнетақы

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
9
Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес
Бокс және ММА

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
70
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Кейбір сөздер сүйектен өткен шығар»: Дәрігер тұрғындармен неге дөрекі сөйлескенін түсіндірді

"Кейбір сөздер сүйектен өткен шығар": Дәрігер тұрғындармен неге дөрекі сөйлескенін түсіндірді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
2.4k
«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді
Өмір

«Зәкеңді жаман адам қылып көрсетудің қажеті жоқ». Мақпал Жүнісова «қарындасымын» деген әйелге жауап берді

Қаңтар 26, 2021
677
Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді
Өмір

Ермахан Ибраимов: Халыққа қарсы шықпауым керек еді

Қаңтар 26, 2021
534
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
5k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Нұрқаділовтің қарындасының қызы: Бізге Мақпал Жүнісова көмектеспеді деп айтпаймыз да, жазғырмаймыз да

Қаңтар 27, 2021
1

Жоқ туысына дейін жалақы төлеген директор 14 млн айыппұл арқалады

Қаңтар 27, 2021
44

Ақтөбелік полицей далада қалған әжені қамқорлығына алды

Қаңтар 27, 2021
10

«Қарғыс атсын» деген тараздық полицей жұртты шулатты (видео)

Қаңтар 27, 2021
19

Қазақстанда зейнет жасын 60-қа дейін төмендету ұсынылды

Қаңтар 27, 2021
9

Қуат Хамитов: Мен халқымның Арабтар секілді өмір сүргенін қалаймын! Бірақ 20 жылдан кейін емес

Қаңтар 27, 2021
70
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.