Көлігін ақшамен аластап жатқан МАИ қызметкерінің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Жарияланған видеода тәртіп сақшы мінген көліктің нөмірі де көрініп тұр: 246 нөмірлі полиция көлігі.
Көліктің жанында полиция киімін киген ер адам ақша тартудың ырымын жасауда. Ол бір бума ақшаны алып көлігін, одан соң өзінің басын айналдырып, желпіп шығады.
Ал Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, бұл маңда ол кезде сериалдың түсірілімі жүріп жатқан көрінеді.