Әлеуметтік желіде Орал қаласындағы жол полицейінің әйел адамға көрсеткен ерсі қылығы түсірілген бейнеролик жарияланды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейнероликте әйелдің полицей қызметкерінен өзінің машинасының кілтін сұрап турғаны және лейтенант Дүйсенов әйелдің сөзін естімегендей түр жасап тұрғаны анық көрініп тұр. Бұл жағдай Назарбаев пен Еуразия даңғылдарының қиылысында болды.
«Мен үйге жетуім керек еді. Жұмысшылар жол бойына белгі қойыпты. Ол жерде кранмен жұмыс істеп жатыр. Бірақ маған оған барудың қажеті жоқ. 0344 төсбелгісі бар полиция қызметкері мені кіргізбейді. Мен сонда тұрамын, менің кішкентай балам бар. Екі көлік өтіп кетті, ол ештеңе істемеді. Мен көлігімнің кілтін тартып алды. Менің балам шошып қалды. Полиция лейтенанты Нұрлан Дүйсенов маған көлігіңді ал дейді де, кілтін бермейді», – деп түсіндіреді видеоға түсіруші әйел.
Осы кезде полиция қызметкерінің қасынан газель жүріп бара жатты, бірақ жүргізуші тәртіп сақшысынның сөзін елемей өтіп кетті. Содан кейін тәртіп сақшысы машинаға алатаяғын лақтырады. Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі бұл факті бойынша қызметтік тексеру тағайындалғанын хабарлады.
«Юбилейная» аялдамасы маңында жаяу жүргіншілер өткеліне жарықтандыру қондырғысы орнатылуына байланысты патрульдік полиция қызметкері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Түсірілім жүргізген әйел полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартты. Алайда полиция қызметкерінің кейбір әрекеттері ақталған жоқ», – деді БҚО ДС баспасөз қызметінде.