Көк-Төбе телемұнарасының төменгі бөлігінде аумағы мың шаршы метрге жететін жер өртенді. Қызыл жалынды ауыздықтау кезінде бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
«Бірінші өрттің төмен жағындағы Диваев көшесіндегі 21-үйге қарама-қарсы алаң өртенді. Өртке оранған жердің аумағы мың шаршы метрді құрайды. Өртті ауыздықтау кезінде өлген адамның мәйіті табылды. Дәл қазір ол мәйіттің кімге тиесілі екені және жынысы анықталып жатыр. Бұл өрттің мұның алдында тұтанған өртпен еш байланысы жоқ. Соны сөндіруге кірістік», – деп жазды Серік Әубәкіров Facebook парақшасында.
Өртті тек жердегі құтқарушылар сөндірді. Себебі, авиация түнгі уақытта жұмыс істей алмады.