Күйеуі бар әйелмен ойнас болған ер адам сот шешімімен айппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттықа агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатында орын алды.
Кевин Ховард «жары барын біле тұра мақсатты түрде біреудің отбасын бұзу» туралы заңдағы бапты пайдаланып, әйелінің көңілдесін сотқа берген.
Басылымның мәліметінше, аталмыш заң АҚШ-тың кейбір штаттарында ғана күшін жоймаған.
12 жыл отауласқан әйелі бір күні ажырасуды ұсынады. Ерлі-зайыптылар отбасылық психологтың көмегіне жүгінгенімен, еш пайда болмапты. Содан кейін Кевин жеке детектив жалдып, әйелі әріптесімен көңіл қосқанын анықтайды.
Намысының тапталғанына ашынған ер адам әйклінің көңілдесін сотқа беріп, 759 мың доллар айыппұл өндіріп алды.
Америкалық жігіт бұл арада мәселе ақшада емес екенін айтады.
«Мен некенің тазалығына сенемін әрі оның таза болуы үшін күресемін», – деді ол.
Кевин әйелімен ажырасып кеткені белгілі.