Таразда тоғыз жасар қызға қатысты азғындық әрекеттер жасаған жас жігіт ұсталды. Бұл туралы Жамбыл облысы ІІД ақпарат бөлімінің өкілі Құндыз Бөгенбаева мен Жамбыл облысы ІІД бастығы Арман Оразалиев Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
24 қыркүйек күні сағат 19.00 шамасында Тараз шағын аудандарының бірінде орналасқан үйдің кіреберісінде ішімдік ішкен ер адам тоғыз жасар қызға азғындық іс-әрекеттер жасап, қылмыс орнынан бой тасалаған.
Қылмысты ашуға полицияның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылып, тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Үйленген, 24 жасар облыс орталығының тұрғыны, екі баласы бар. Есепте наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлерде тіркелмеген.