Америка футболында кеңінен танымал Тим Тибоу 2017 жылы «Әлем аруы» атанған Деми-Лей Нель-Петерспен шаңырақ көтерді. Ол «Денвер Бронкос» және «Нью-Йорк Джетс» командаларында болған-ды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Неке қию рәсімі Нель-Петерстің отанында өтті. Осы уақытқа дейін 32 жастағы америкалық үйленгенше жыныстық қатынасқа түспеуге уәде берген-ді. Ол христиан дінін берік ұстанады.
Бұдан өзге, Тибой «Филадельфия Иглз» бен «Нью-Инглэнд Пэтриотс» құрамында болса да, олардың атынан бір де бір рет алаңға шыққан емес. 2016 жылдың тамыз айында ол кәсіби бейсболге өтетінін мәлімдеді.