Аулада ойнап жүрген балалардың көзінше ер адам әйелді пышақтап, өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Neonomad.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Жантүршігерлік оқиға Ресейдың Раменск қаласында болған. Басылымның ақпаратынша, қайтыс болған әйелдің жасы жиырма бесте, ал оның кішкентай баласы болса ауруханада. Алдын ала мәлімет бойынша, оны күйеуі өлтіруі мүмкін деген күдік бар.
Куәгерлердің сөзіне қарағандай, әйел баласымен бірге серуендеуге шыққан. Сол кезде ер адам көлігінен жүгіріп шығып, әйелді пышақтай бастаған. Оқиғадан кейін жасырынған.
.Басылымның мәліметінше, әйел 20 пышақ жарақатын алған. Кейінірек полицияның баспасөз қызметінің басшысы басылымға күдіктінің көлігі Ногинск қаласынан табылғанын хабарлаған. Сондай-ақ, күдіктінің ұсталғаны айтылады. Қазіргі уақытта тергеушілер куәгерлерден жауап алып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.