Әйелдердің өмір сүруіне қолайлы және қауіпсіз елдер тізімі анықталды. Қазақстан сол тізімде 43-орынды алып жатыр, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі National Geographic журналына сілтеме жасап.
Рейтинг 167 елдің арасында және 3 критерилер бойынша жасалған.
Осы рейтингтің үздік бестігі анықталып, бірінші орынды Норвегия иеленді. Кейін Швейцария, Финляндия, Дания мен Исландия кірген. Қазақстан тізімде 43-орында тұр. Рейтингтің соңғы үш орны Сирия, Ауғанстан мен Йеменге берілді.