Мамлютка ауданында әйел мен оның үш жастағы қызының өлі денесі табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 8 тамыз күні кеште Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлютка ауданында орын алды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Ауласындағы шаруашылық үй-жайдан пышақ жарақатын алған 39 жастағы әйел мен 3 жастағы қызының денесі табылды. Жедел іс-шаралар нәтижесінде полиция қылмыс жасады деген күдікті – әйелдің 25 жастағы танысын ұстады, ол Мамлют ауданының бұрын сотталған тұрғыны», – деп полиция ақпарат берді.
Кісі өлтіру дерегі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөліміне сәйкес (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу басталған.
Күдікті аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысында отыр. Егер оның кінәсі дәлелденса, онда сот оны 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырады және мүлкінен тәркілейді.