Семейде әйел дәрі ішіп алып, өзімен қоса кішкентай баласымен бірге пәтерін өртеп жіберді, деп хабарлайды Neonomad.kz Obvk.kz сайтына сілтеме жасап.
14 маусымда әйел құтқару қызметіне хабарласып, дәрі жұтқанын және үйін өртейтінін айтқан. Құтқару қызметінің сұрақтарына, кейін тіпті қоңырауларына жауап бермей қойған. Сосын «112» жедел қоңырауына кәшкентай бала хабарласып, анасының көп дәрі ішіп алғанын, үйде қағаз өртеніп жатқанын, және өзі өртті сөндіре алмайтынын айтқан. Кейін өзі тұратын мекенжайды, анасының тегін, сосын өрттің кілемге өткенін айтып, көмек сұраған. Бұл туралы Семей қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасы хабарлады.
Мекенжайға тез арада жеткен құтқарушылар екі қабатты көп пәтерлі тұрғын-үйдегі №6 пәтерден өрттің иісі шыққанан байқаған. Есікті ұрғандарымен ешкім ашпаған, бірақ пәтерден баланың айғайын есітеді.
Құтқарушылар есікті бұзып, кіреберісте жерде заттар мен кілемдердің өртеніп жатқанын көрген. Әйел диванда жатып алып баласын жібермеген.
Құтқарушылар баланың анасын сыртқа шығарып, жедел жәрдем келгенше көмек беріп, өртті сөндірген. Медиктер келген соң әйелді дәрі-дәрмектермен уланды деген диагнозбен Семей ауруханасына жатқызылды. Ал кішкентай балаға болса госпитализация қажет болмады.