Танымал әнші Мейрамбек Бесбаевтың ата-анасы мен өзге де тұрғындар үйлерінде ауыз су жоқ екенін айтып, наразылығын жеткізді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.
Жұлдыздың ата-анасы Қарасай ауданында тұрады. Олар өзге көршілерімен бірге сусыз отырғанын айтып ашынды. Аудан халқы бақша суармақ түгілі, қарапайым ауыз суға зар болып отыр. Олар құбырлардан су ақпағанына бірнеше күн болғанын айтты. Бұл туралы әншінің анасы толығырақ баяндады.
«Бәрі таусылды. Балалар су осыдан 4 күн бұрын да болмағанын айтады. Үйде су жоқ болған соң, жиналмай тұр. Ештеңе жасай алмай, бетіне қарап отырмыз», – деді Мейрамбек Бесбаевтың анасы Жібек Жолдасова.
Ауыз судың жоқтығы наурыз айынан бері халықты әбден ашындырған. Әсіресе аптап ыстықта су тапшылығы қинайды екен. Осылай бар шағымдарын айтып, әкімдікке жүгініп отыр.
«Наурыз айынан бері су мәселесі қиындап кетті. Лай су келеді. Одан кейін тамшылап ағып, жоқ болып кетеді. Дәрет алып, балаларға беретін шәй де жоқ», – дейді тұрғындардың бірі.
Ал жауапты мекмелер бұл мәселелер күннің ыстығына байланысты орын алып отыр деп ақталған.
24 сағаттың ішінде 12 сағат су беріліп тұрады. Су бар, қысым жоқ. Қатты ыстыққа байланысты адам саны көбейіп, су азайып жатыр», – дейді «Тасамалы» МКК басшысы Бауыржан Айнақұлов.