Бір жылдан бері із-түссіз жоғалған кәмелетке толмаған қыз порносайттардың бірінен байқалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Флорида штатының Санрайз қаласының тұрғыны жоғалған қызын порносайттар арқылы тапты. Бір жыл бұрын жоғалып кеткен 15 жастағы қызға іздеу жарияланған болатын.
Әйелдің айтуынша, ол желіде өз баласының ашық-шашық суреттері мен видеоларын көрген. Полиция жоғалған қыздың қатысуымен түсірілген әртүрлі эротикалық сайттар мен әлеуметтік желілерден 60-қа жуық видеоны анықтады. Түсірілімге қатысқан ер адамның бірін қызбен бірге дүкеннің сатушысы 2019 жылдың ақпан айында көргенін айтқан, деп жазады басылым.
Ақпаратты тексерген полиция қызметкерлерді қыздың жанында көрген ер азамат көрші қаладан келген 30 жастағы Кристофер Джонсон екенін анықтаған.
Ер адамның мекен-жайы бойынша барған тәртіп сақшылары оны қолға түсірді. Қасында жоғалған қыз да болған.
Жасөспірім барлық порно видео ер адамның үйінде түсірілгенін айтты. Қыздың айтуынша, Джонсон камера алдында онымен жыныстық қатынасқа түскен, бірақ ер адамның өзі мұны жоққа шығарады. Сондай-ақ, жоғалған қыз оның ер адамнан жүкті болғанын, содан кейін оны аборт жасатуға клиникаға апарғанын айтты.