Талғар тас жолында үш автокөліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Талғар бағытында келе жатқан жедел жәрдем көлігінің ішіндп жүкті әйел болған. Медиктер оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізулері керек болған.
Жолда әдеттегідей қатқан кептеліс, содан жүргізуші науқасты тезірек жеткізу үшін қарсы бағыттағы жолға шыққан. Қарсы жолдағы Mitsubishi Pajero ығысып үлгермей, екі көлік бүйірімен соғылды. Соққыдан кейін жедел жәрдем жол жиегіне ұшып кетсе, Mitsubishi Pajero қарсы келе жатқан Gelandewagen-ге соғылды, деп жазады басылым.
Оқиға салдарынан жүргізуші жарақат алған. Көліктің ішіндегі жүкті әйелді болса басқа жедел жәрдемі адып кеткен.