Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан Bek Air әуе компаниясының ұшағы құлады. Ішінде 95 жолаушы болған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгін Bek Air әуе компаниясының Алматы – Нұр-Сұлтан бағытындағы 2100-рейсі сағат 07:05-те ұшып, радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы және бес экипаж мүшесі болған», – делінген хабарламада.