Нұр-Сұлтан қаласында барлардың бірінде көпбалалы аналардың 18 қыркүйектегі митингіге дейін ішімдік ішіп отырған видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеода үш әйелдің отырғаны анық көрінеді. Екеуі видеоға қарап сөз сөйлеп тұрса, үшіншісі оларды видеоға түсіріп тұр.
«Қыздар бәрі жақсы болсын деп алып қояйық. Мүмкін бұл біздің соңғы кездесуіміз шығар. Ертең бәрімізді қамап, 5 жыл мерзім берсе, болды, отырамыз», – дейді әйелдердің бірі.
BaigeNews.kz басылымы бұл әлеуметтік қолдауды арттыруда талап ететін көпбалалы аналарлдың кім екені аңықтаған кезде, олардың әрқайсысының 5 баласы бар екені анықталды.
Видеодағы әйелдердің бірі атаулы әлеуметтік көмек алу үшін жүгініпті. Қазіргі уақытта оның мәселесі қаралып жатыр. Оған «Мектепке жол» акциясының аясында қолдау көрсетіліп, сонымен қатар «Мұңайма» қайырымдылық қоры 200 мың теңге көлемінде көмек беріпті.
Ал видеодағы тағы бір көпбалалы ана – 36 жастағы Ж. Ақмола облысының Жаңажол аулының тумасы болып шықты. Қазіргі уақытта елордада тұрып жатқан әйелдің 5 баласы бар.
Ол 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап АӘК алып келеді. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясының аясында қолдау көрсетілген. «Мұңайма» қайырымдылық қорынан 200 мың теңге ақша беріліп, 158 341 теңге көлеміндегі банктерге берешегі мен коммуналдық қызметтер үшін қарызы жабылған.