Бейсенбі, Сәуір 15, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

Інісінің емі үшін: Екібастұзда 12 жасар бала ақшаға маникюр жасап жүр

Ақпан 10, 2020
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Інісінің емі үшін: Екібастұзда 12 жасар бала ақшаға маникюр жасап жүр
Поделиться на Facebook

Екібастұз қаласының 12 жастағы тұрғыны Арулат Мұхаметқали сұлулық саласына жастайынан көңіл аударған. Жеткіншек шебер түрде маникюр жасап, тырнақ дизайнымен айналысады екен. Ал жұмысынан жиналған ақшаны ол інісінің еміне жұмсамақшы, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі  Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

12 жастағы Арулат өзінің ісіне жауапкершілікпен қарайды. Ең алдымен жұмыс орнын реттестіріп, құралдарын дезинфекциядан өткізеді. Оның ісіне әйелдер жоғарғы баға беріп отыр екен. Жас шебердің ынтасы мен жасампаздығы клиенттерді тәнті қылуда. Алайда жеткіншек өзі үшін емес, інісінің еміне ақша жинап жүр.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Менің 6 жастағы мүгедек інім бар. Ал жарты жыл бұрын тағы бір рет інілі болдым. Анамыз сыртқа сирек шығады, себебі баланы қарау керек. Бір күні ол үйге маникюр жасайтын шеберді шақырды. Мен қызығып, оның жұмысын қарап отырды. Артынан неге менде осы тірлікті үйренбеске деген ой келді. Тырысып көрдім, қолымнан келді. Бірте-бірте осы іске үйренісіп кеттім, алдағы уақытта шеберлігімді жетілдіргім келеді»,  – дейді Арулат Мұхаметқали.

Алғашында баланың ата-анасы оның ісіне қарсы болыпты. Әкесі бұл ер азаматтардың жұмысы емес деп айтса, анасы Арулатты бірнеше рет райынан қайтармақшы болыпты. Бірақ жеткіншек алған бетінен қайтпаған көрінеді. Танымал тырнақ шеберінің де дәрісін алыпты.

«Әлгі шебер өзі осында келді. Баламмен әңгімелесіп, оның сөздеріне қайран қалыпты. Айтуынша, менің баламмен сөйлесіп отырып 12 жастағы ұлмен емес, 20 жастағы жігітпен тілдескендей болыпты. 12 жасында алға қойған мақсаты анық тұлға ретінде өзін қалыптастырған. Баламның дарынды екендігін айтып, біздің Арулаттың ісіне бөгет болмауымызды сұрады», – дейді Арулат Мұхаметқалидің анасы Сания Рахимова.

Кейін келе жас шебердің ата-анасы өздерінің пікірлерін өзгертіп, балаларына жәрдемдесіпті. Арулат арнайы курсты оқып, сертификатқа ие болыпты.

«Қызметі сапалы әрі арзан. Әрқашан жаңа дизайн ұсынып отырады. Ісін беріліп істейді. Жас болса да маған оның жұмыстары ұнайды», – дейді Екібастұз қаласының тұрғыны Айым Қинаятова.

Арулат күніне бірнеше сағат қана жұмыс жасайды екен. Қалған кездері сабақ оқып, жаттығуға қатысады. Болашақта әйгілі шебер болғысы келеді.

Тырнақ шеберінің Бекарыс есімді інісі төрт жыл бұрын үшінші қабаттан құлап кетіпті. Қатты жарақат алған. Оған тек шетелдегі емханалар көмектесе алады екен. Бірақ ол жаққа баруға бес баласы бар отбасының жағдайы жоқ көрінеді.

Бөлісу1336ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Тыржалаңаш тазалықшы әйел өз кәсібінің құпиясын айтты

Келесі жаңалық

Әскери қызметкер 29 адамды өлтіріп тастады, тағы 63-і жарақат алды

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
854
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
813
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
958
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
378
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Әскери қызметкер 29 адамды өлтіріп тастады, тағы 63-і жарақат алды

Әскери қызметкер 29 адамды өлтіріп тастады, тағы 63-і жарақат алды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
958
Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады
Технологиялар

Цифрлық технологиялар өмір сүру деңгейін жақсартады

Мамыр 19, 2020
944
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
854

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
854

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
813

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
958

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.1k

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
134

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
59
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.