Қазақстанның Ресейдегі елшісі лауазымды қызметінде болған Иманғали Тасмағамбетов қыметінен босатылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Тасмағамбетов Иманғали Нұрғалиұлы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды», – деп жазылған хабарламада.
Ол зейнет жасына толуына байланысты қызметінен босатылды.
Айта кетейік, Тасмағамбетов бұл қызметке 2017 жылдың ақпан үшінші ақпанында тағайындалған болатын.