Ақтөбе облысында денсаулығы нашарлаған құрбысына қолдау боламын деп келген әйел ажал құшты, деп хабарлайды Neonomad.kz Diapazon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Алға ауылында болған. 5 қабатта тұратын зейнет жасындағы Антонина Власованың денсаулығы нашар, тіпті пәтерде жүріп-тұруы қиын. Сондықтан оған қолдау болып құрбысы Марина Ротарь қарасады екен. Соңғы жылдары екеуі бірге тұрған.
Ажал айтып келмейтіні бар. 14 шілдеде Марина Ротарь пәтерде қайтыс болады. Алайда үй иесі ешкімге хабарлай алмайды. Үш күн өткен соң ғана зейнеткер өзін мәжбүрлеп, аяққа тұрған. Сөйтіп балконнан үйінде мәйіт жатқанын айтып, көмек шақырады.
«Біз көтерілді. Иісі мүңкіп тұрды. Жедел жәрдем шақырдық. Мәйітті алып кетті, бірақ подъезде жаман иіс қалды. Біз СЭС-тің көмегіне жүгіндік, олар зарарсыздандырудың ақылы екенін айтты. Бірақ бәрібір подъезді тазалап шықты. Марина Ротарьді полиция қызметкерлері жерледі. Оның ұлы бар еді. Бірақ ол анасымен араласпайтын. Нұр-Сұлтанда тұрады. Тоня тәтені (Антонина Власова — ред.) олар ауруханаға алып кетті», — деді әйелдің Мұрат есімді көршісі.