Өзбекстанның 82 жастағы тұрғыны екінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Neonomad.kz.
Оқиға Самарқанд облысы Кушрабад ауданына жақын қышлақтардың бірінде болған. Орталық Азия жаңалықтар қызметінің ақпаратынша, қылмыс 25 шілдеде күндіз болған.
«82 жастағы Р.О. 25 шілдеде тауда орналасқан ауылдағы үйіне бақша суғаруға барған. Ол көршінің үйіне кірген. Бұл уақытта онда тоғыз жастағы М.Б. ғана болған. Қарт кісі үйде қыздың жалғыз екенін көріп, оны зорлаған. Қыз есінен танып қалған соң, Р.О. қылмыс орнынан қашып кеткен», – деді ішкі істер бөлімінің бір қызметкері.
Қызға медициналық көмек көрсетілді. Күдікті ұсталды, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.