Алматыда «Иегово куәгерлері» жасөспірімдермен интим қатынаста болды деп айыпталуда, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Белгілі болғандай, 9 қазанда соттың шешімімен полиция қызметкерлері аталған ұйымның ғимаратында тергеу шараларын жүргізген.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары оның ұйым қатысушыларының үйлерінде болған.
Тергеуге тұрғындардың шағымы негіз болған. ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу күдіктілердің 16 жасқа толмаған жасөспірімдерге қарсы бірқатар қылмыстық әрекеттер жасау дерегін тексереді.
Күдіктелер туралы мәлімет тергеуге байланысты жария етілмейді.