Грузияның Тбилиси қаласында америкалық футболдан Қазақстан мен Грузия командаларының арасында жолдастық кездесу өтті. Ойын барысында аталған командалар жаппай төбелесіп, бір адам зиян шекті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sport.kz сайтына сілтеме жасап.
Ойынның соңғы бөлігіне қарай қазақстандықтар 22:14 есебімен алда келе жатқан. Осы ойын барысында Грузия құрамасы төбелес шығарып, төреші олардың 2 ұпайын шегеріп тастады. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы жеңіске жетті.
Аталған басылым алаң иелерінің Қазақстан әнұранын қоспай қойғанын бөлісті. Мұнымен қатар, ойынның видеолары көптеген сайттан өшірілгені белгілі болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандық команданың жаттықтырушысы Павел Филиппов бұл жағдайға екі тараптың да кінәлі еместігін айтты.
«Грузиялықтардың көбісі жұдырық ала жүгіргендерді тоқтатты. Бұл команда үшін емес, жекелеген адамдар үшін масқара жағдай болды», – деді Павел Филиппов.