Геннадий Головкин мен украиналық боксшы Сергей Деревянченконың жекпе-жегіне билеттер сатыла басталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы Головкин өзінің Twitter парақшасында жазды.
Шайқасты алдыңғы қатардан бақылағысы келетіндер 756 доллар (292 мың теңге) төлейді, ал ең алыс жерлерге билет тек 56 доллар (шамамен 21 мың теңгеден сәл асады) тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, Головкин мен Деревянченко 5 қазанда Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында кездеседі. Жекпе-жек жеңімпазы IBF нұсқасы бойынша жаңа чемпион.