Ұлыбританиялық гинеколог еркек көзілдірігіне жасырын камера орнатып алып, пациенттерінің ең интимді жерлерін түсіріп алған. Тінту кезінде дәрігердің компьютерінен 15 сурет пен 96 видео табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, тәртіп сақшылары 49 жастағы Джомо Матуринді ұстады.
Аурухананың құрметті мамандарының бірі болған Матурин 2016 жылы Матурин 19 жастағы студент қызға оқуына көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған екен.
Ол кезде қыз мейірбике-практикант ретінде дәрігердің қол астында жұмыс істеген. Сол жылы қыркүйекте олар көңіл жарастырып, шамамен екі жыл бойына бір-бірімен жақын қарым-қатынаста болады.
Ал 2018 жылы болса студент қыз Матуриннің компьютерінен кездейсоқ екеуінің жыныстық қатынасқа түскен видеосын байқап қалады.
«Гинеколог оған «полицияға шағымдансаң, сені өлтіріп, ал эротикалық суреттеріңді желіге таратамын» деп қорқытқан. Жәбірленуші онымен қорыққанынан ары қарай кездесе береді, бірақ 2019 жылдың 2 қаңтарында ол шыдай, бұл жайында өзімен бірге оқитын құрбысына айтып береді. Келесі күні екеуі полицияға барады», – деп жазады басылым.
Матурин 10 желтоқсан күні өз үйінде отбасымен отырған кезде қамауға алынды. Студент тұратын жатақханада бөлмесінен де бірнеше жасырын камералар табылды. Сондай-ақ, гинекологтан 100-ден астам эротикалық жазбалар табылды.
5 желтоқсанда сот оған 14 айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.