Әлеуметтік желілерді бұғаттаған өзбек шенеуніктері «түрмеде отыр», деп хабарлайды Neonomad.kz Ca-news.org сайтына сілтеме жасап.
Жазаланған шенеуніктер туралы Өзбекстанның Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің басшысы, президенттің бұрынңы баспасөз хатшысы Комил Алламжонов блогер Кирилл Альтманға берген сұқбатында айтты.
Өзбекстанда өткен жылы Facebook, YouTube және мессенджерлер алты ай ішіде бұғатталып тұрған. Сол кезде билік «техникалық ақауға» сілтеген болатын.
Алламжоновтың сөзінше, Facebook пен YouTube желілерін бұғаттаған адамдар «түрмеде отыр». Бұғаттаудың себептеріне келетін болсақ, Өзбекстан осылай әлеуметтік желілерде теріс пікірлердің таралуымен күрескен екен.
«Олардың сөзінше, теріс пікірлер өте көбейіп кеткен. Сондықтан Facebook пен YouTube желілерін бұғаттау арқылы негативті пікірлерді азайтқысы келген. Осының үстінде мен ол адамдармен қатты дауластым. Негативті пікірмен аргументтер келтіріп, күрескен жөн дедім. Бұл өте ұзаққа созылады, бірақ дұрысы сол. Басқасы жоқ. Біздің кезімізде интернетті бұғаттағанмен, ештеңеге қол жеткізбейсің, Мейлі, Facebook-ті бұғаттадың, сосын не болады? Барлығы VPN қосып жүрді», – дейді Алламжонов.