9 жастағы мектеп оқушысы Ләйлім-Шырақ өлең оқу эстафетасын президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Мемлекет басшысы жолдауды зор қуанышпен қарсы алып, Абайдың өлеңін оқыды, деп хабарлайды Neonomad.kz президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.
Видеодағы кішкентай қыз – Ләйлім-Шырақ, ол 9 жаста. Міне осы кішкентай бүлдіршін өлең оқу эстафетасын президентке жалдады.
«Мемлекет басшысы Ләйлім-Шырақтың бұл ұсынысын зор қуанышпен қабылдап, кемеңгер ақынның жастарды білім мен ғылымға шақыратын, мақсатыңа жету жолында қажет асыл қасиеттерді атап көрсеткен «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңінен үзінді оқып, жауап берді», – деп жазды Берік Уәли өзінің парақшасында.
Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Абай өлеңдерін оқу эстафетасын одан әрі Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдады.