Индонезияның батысында орналасқан Калимантан провинциясында ер адам өзі кездесіп жүрген екі қызға қатар үйленді. Ол мұның себебін екеуін ренжіткісі келмегенімен түсіндірді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Unilad басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Күйеу жігіттің айтуынша, сүйіктілерінің бірі ренжіп қалғанын қаламаған.
«Сол себепті екеуіне қатар үйленуді ұйғардым», – дейді ол.
Ер адам аталған өңірдің дәстүріне сай екеуінің де ата-анасына қалың мал төлеген. Қалың малдың жалпы сомасы 10 мың Индонезия рупиін құрайды. Бұл шамамен 270 мың теңгеден асады.
Аталған мемлекетте бірнеше әйел алуға рұқсат берілген. Жергілікті заң бұған қатысты бір ғана шектеу қояды. Ол – ер адам екі әйелге үйленуі үшін бірінші жарынан рұқсат алуы тиіс.