Халық әншісі Нұрғали Нүсіпжанов пен өзінен 45 жас кіші Жадыра Сейдеш есеппен отау құрған болуы мүмкін. Бұл туралы қазақстандық нумеролог айтты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасына сілтеме жасап.
Айсұлу Ахимова есімді нумеролог Ревю бағдарламасына берген сұқбатында, жұп есеппен үйленген болуы мүмкін деді.
«Бұл некенің астарында не бар? Бір жағынан ақылмен, екінші жағынан есеппен қосылған жұп. Екеуіне де қуат алатын адам қажет болған сыңайлы. Жалпы, өмірде адамдар энергия арқылы қосылады ғой. Ал бұл жағдайда екі жақтан да есеп бар», – деді маман.
Жасжұбайлардың арасындағы жас ерекшелігіне қатты таңғалған Айсұлу Ахимова, Сейдештің бұған дейін тұрмыста болуы әбден мүмкін екенін айтты.
«Жадыра екінші мәрте тұрмыс құруы әбден мүмкін. Ал бұл жұптың сәби сүйгісі келеді деген қауесетке байланысты айтарым, білмеймін енді. Сандарға қарап күмәнданып отырмын», – дейді ол.
Нумерологтың болжамынша, Нұрғали ағамыз әлі де ұзақ өмір сүреді. Мейлі сойлай болсын.