Белгілі ақын Мылтықбай Ерімбетов қазіргі жастардың бірден ажырасатынын, қиындықтан қашатынын айтып, бақыт үшін күресу керегін еске салды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі «Астарлы ақиқат» бағдарламасына сілтеме жасап.
Мылтықбай мырзаның айтуынша, қазіргі жастар үйленуге жауапкершілікпен қарауы төмендеген. Үйленген соң, отбасын сақтап қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасау керек.
«Дүниедегі ең жақсы нәрсе – бала. Дүниедегі бар жақсылық та бала. «Бала үшеу кезінде күйеуіңді сотқа беріп кетіп қалмадың ба» демеу керек. Сен көрдің ба бала, енді жанұяңды сақта», – деп Мылтықбай мырза жастарды ажыраспауға шақырды».