Жұмыс уақыты кезінде рөлде отырған тракторшы ұйқыға беріліп, екі әріптесін қағып кетті. Жәбірленушілер оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі govoritmoskva.ru сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Мәскеуде болған.
БАҚ мәліметінше, сенбіде Калуга трассасының 21-ші шақырымында екі адам мен тракторшы жұмыс істеген. Шелекпен жұмыс істеу кезінде трактор жүргізушісі оларға дене жарақатын келтірді, соның салдарынан екі адам қайтыс болды.
Оқиғадан соң тракторшы қорыққанынан мәйіттерді кәріз құдығына тастап жіберген. Қайтыс болғандардың бірі 35 жастағы ер адам мен екіншісі 32 жастағы әйел. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.