Ақмола облысында ер адам әйелінің үстіне солярка шашып, өртеп жіберді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға Белағаш ауылында болды. 25 жастағы ер адам мас күйінде азаматтық некедегі әйелін өртеп жіберді.
Полиция мәліметінше, 25 қарашада Жақсы аудандық полиция бөліміне орталық аудандық аурухананың кезекші дәрігері хабарласып, қабылдау бөліміне беті мен мойнын термикалық күйік шалған Белағаш ауылының 32 жастағы тұрғыны түскенін айтқан, деп жазады басылым.
«Тергеу барысында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің анықтауы бойынша, отбасылық жанжал кезінде 25 жастағы күдікті (бұрындары сотталмаған) мас күйде жәбірленушінің үстіне солярка құйып, өртеп жіберген», – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды, оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі – 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Кінәсін мойындады.