Қашқадария облысындағы Карши қаласының тұрғыны отбасылық жанжалдан кейін өзін және 80 жастағы әкесіне өрт қойған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Елдің бас прокуратурасы таратқан ақпаратқа қарағанда, оқиға 17 мамырда болған. 1974 жылы туған ер азамат бірінші топтағы мүгедек әкесімен ұрсып қалған.
«Ашуланған ұлы өзіне және әкесіне бензин құйған. Кәмелетке толмаған екі туысы мен әйелінің көзінше күкірт жаққан. Екеуі де оқиға орнында қаза тапты. Өртті сөндірмек болған келіншегі ауруханаға түсті», – делінген мекеме таратқан ақпаратта.
Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған.