Бұрынғы Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қорының экс-төрағасының міндетін атқарушы Қайсар Байдалы және «Energo» ЖШС директоры Ерлан Нәбиев 215 миллион теңгені қолды қылды деп айыпталуда, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі.
Жоғары лауазымды шенеуніктер мен кәсіпкер мемлекеттік бағдарлама арқылы бюджеттен 215 млн теңге алған. Бұл ақшаға олар Саранды қаласының жылу тұтынуын есепке алуды автоматтандырулары керек еді.
Бірақ, бұл қалада орталық қазандық жоқ. Ол қирап, қайта құру жылдарында жабылып қалған. Бірнеше онжылдықтар бойы сарандықтар пешпен жылынып келеді. Олар жоғарғы қабаттағы пәтерлерге көмір тасып, күл шығарады, деп жазады Nur.kz.
Анатолий Шкарупа Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, энергетика вице-министрі қызметіне дейін көтерілмес бұрын бірнеше жыл Саран қаласының әкімі болды. Әрине ол бұл мәселеден хабардар.
Тергеу болжамы бойынша, үш сотталушы ақша алып, жылу есептегіш құралдарын сатып алған. Олар құралдарды бос қабырғаға қойып, үкімет алдында қала толық автоматтандырылған деп есеп берген.
Бас прокуратура істің шынайы жағдайын анықтады және ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі (адамдар тобына сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету) бойынша Шкарупа, Байдалы және Нәбиевке қатысты қылмыстық іс қозғады.
Анатолий Шкарупа өзіне тағылған айыппен келіспеді.
Саран қалалық сотының судьясы Талғат Экзеков қылмыстық істі өз өндірісіне алды.
Адвокаттар сотты Нұр-Сұлтанға ауыстыру туралы өтініш білдіріп отыр, себебі жабық трассаның салдарынан олар Қарағанды қаласына жете алмайды.