Күзден бастап несие алу қиынға түспек. Банктер қарыз бермес бұрын клиентті жан-жақты тексеретін болады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
“Клиенттің шотында ақша бар ма, коммуналдық төлемдерді дер кезінде төлеп жүр ме, барлығы ескеріледі. Дүниемүлкінің бар-жоғына да мән береміз. Егер барлығы жақсы болса ғана несие беріледі», – Олег Смоляков, Ұлттық банк төрағасының орынбасары.
Бұлай талапты қатайтудағы басты мақсат – қазақстандықтардың қарыщға батувна жол бермеу, дейді Ұлттық банк. Бүгіндері елімізде несиесі барлардың саны 8 миллионға жетіпті.
Берешегін қайтара алмай жүрген көп балалы және аз қамтылған отбасылар мен мүгедек жандардың 300 мыңға дейінгі қаразы мемлекет есебінен өтелетіні белгілі. Келесі аптаның соңына дейін жарты миллион адамның несие үстемесі кешіріледі. Қарызды жабу үшін 105 миллиард теңге жұмсалмақ.