«ҚТЖ» ұлттық компаниясы билетсіз жолаушыларды тасымалдауды тоқтатудың жолын тапты, деп хабарлайды Neonomad.kz компанияға сілтеме жасап.
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің сөзінше, қолға алынғалы отырған жоба заңсыздықты тоқтатады. Өйткені билеті жоқ жолаушылар перронға жіберілмейді. Сөйтіп билетсіз жолаушының жолсерікпен кездесу мүмкіндігі болмайды.
«Биыл ілкі жоба бойынша елордадағы «Нұрлы жол» вокзалы мен Қарағанды вокзалының перрондарына билетсіз адамдардың жақындауына шектеу қойылады. Мұндай бастаманы бұрын да көтергенбіз. Алайда қоғам тарапынан көптеген наразылықтар болған. Бұл бастаманы құқық қорғау органдары да қолдап отыр. Біз де дұрыс деп санаймыз. Тым болмағанда ірі вокзалдардың перрондарына осындай шектеу қойып бастау қажет», – деді ол.