Қазақстандықтар бұдын былай жеке куәлігін ұялы телефонда электронды түрде сақтай алады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы Facebook парақшасында мәлімдеді.
Электронды үкімет телефонға арналған eGov mobile қосымшасын ұсынды. Енді қажет болған жағдайда құжатты QR-код арқылы телефоннан көрсетуге болады.
Ол үшін құжаттың электронды нұсқасын электронды үкімет жүйесіне тіркеу керек. Сосын қосымшадағы тіркеу арқылы жеке куәлікті сұраған мекемеде көрсете аласыз.
Еске сала кетейік, елімізде азаматтарды тіркеу туралы анықтама қағазын беру тоқтатылғаны туралы жазған болатынбыз.