Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, енді 086/у медицина анықтамасын жылына бірнеше рет қолдануға болады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Біз 15 мемлекеттік қызметті автоматтандыруды ұсындық. 13-ін алып тастап, ал 9 бизнес процесті жеңілдетуге мүмкіндік бар екенін анықтадық. Электрон форматқа өткізуге болатын құжаттардың тізімінде 086/у анықтамасы да бар. Ол ең қажет құжат болғандықтан оны онлайн режимге өткізу азаматтар үшін маңызды. Дәрігерлік тексеруден өткеннен кейін тұрғындар анықтаманы eGov арқылы алады. Яғни, пайдаланушы құжатты тез әрі оңай жеке кабинетінен не eGov mobile бағдарламасы арқылы бір жыл аралығында жүктеп, падалана алады», – дейді Асқар Жұмағалиев Facebook желісіндегі парақшасында.
Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, азаматтар медициналық тексеруден міндетті түрде өтуі керек. Және бұл анықтама eGov порталында қазақстандықтардың жеке кабинетінде сақталатын болады. Мәселен азамат бір жылда бірнеше рет жұмысын ауыстырса, әр кез сайын 086/у анықтамасы керек болады. Бұл жағдайда ол бұған дейін жасалған медицина анықтамасын пайдалана алады.