Елордада көшенің қақ ортасында тырдай жалаңаш жүрген ер адам жұртты шошытты. Оның видеосы желіде асқан жылдамдықпен тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Видеодан ер адамның үстінде киімі жоқ екеніне қарамастан, бей-қамсыз кетіп бара жатқанын көруге болады. Мұның орнына айналасындағылар ұялып, назар аудармау үшін барын салуда. Кейін ер адамның денсаулығында кінәраты бары анықталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«22 шілде күні Бөгенбай мен Жеңіс көшелерінің қиылысында ер адамның тыржалаңаш көшеде жүргенін растаймыз. Оны полиция қызметкерлері камералар арқылы байқап, кейін жақын маңдағы бөлімшеге алып барған. Артынша оның денсаулығында кінәраты бары белгілі болды. Дәл қазір ол ауруханада. Әрине, оның орнында сау адам болса, міндетті түрде жазаланатын еді», – деді астаналық полиция департаментінің баспасөз хатшысы София Қылышбекова.