Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің итімен бірге серуендеп жүріп әйелді құтқарып қалды. Айтуынша, сол сәтте әйелді екі азамат зорламақ болған, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
11 тамыз кешкі уақытта Сергей Горбунов өзінің итін Қаржы академиясы ауданында Алтынемел көшесінде қыдыртып жүреді. Кенет ол өзіне қарай әйел адамның көмек сұрап жүгіріп келе жатқанын көреді. Күйеуінің әйел адамды жаман ниеттілерден қалай құтқарып қалғанын журналист Ирина Себостянова айтып берді.
«Екеуін бүгінгінің нағыз батырлары десек болады! Иә-иә, әзілдеп те, әсірелеп те жатқаным жоқ. Кешкі мезгілде сүйікті күйеуім Сергей мен ғажайып итіміз Дэня әйелді зорламақ болғандарды қолға түсірді! Екі адамды! Тыныш болып көрінетін ауданымызда осындай оқиға болды», – деді журналист.
Әрі қарай ол күйеуінің қылмыс жасамақ болғандарды қуып жүріп ұстап алғанын айтты. Сондай-ақ, ол осы ұстау кезінде күйеуінің жұдырық пайдаланбағанын айтып мақтанды.
«Оқиғаның мән-жайын менің жігіттерімнен сұрасаңыздар болады. Мен бар болғаны олармен мақтанып, қуанышымды сіздермен бөліскім келеді», – деді журналист.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Үндістанда ер азаматтардың 3 жасар қызды күні бойы зорлап өлтіргені туралы хабарлаған едік.