Экс вице-министр Эльмира Суханбердиеваның кенже ұлы көз жұмды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы жаңалықты вице-министрдің бұрынғы кеңесшісі Майраш Тайкен желіде парақшасында жазды.
«Достар, жазудың өзі қиын болып отыр. Бірақ Эльмира Суханбердиеваның сүйікті әрі кенже ұлы Ілияс көз жұмды. Бір өзі қаншама сыннан өтіп жатыр. Өмірдегі ең жаманы – жақын адамдарды жоғалту. Әсіресе, өз көз жұмған өз балаларың болса, мұны қабылдау қиын. Тіпті, мүмкін емес. Иманды болсын кішкентай періште», – деп жазды Майраш Тайкен.
Әрі қарай бұрынғы кеңесші мұндай жағдайдың алдын алу үшін адамдардың бір-біріне қарайласуы керектігін айтты.
«Адамды қудалап, түрлі айла-амал жасаудың қажеті жоқ. Чатта барлығының көңіл айтып жатқанын көрдім. Бұл жағдайдың мән-жайын білмеймін. Эльмира Амангелдіқызының әпкесі мен көмекшісіне хабарласып жатырмын, бірақ ешкім тұтқасын көтермейді», – дейді ол.