Алдағы уақытта елімізде күн суытады. «Қазгидромет» 12-14 қарашаға арналған ауа райын жариялады, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
«Қатты суық антициклонның Қазақстанға ығысуы ауа температурасының күрт төмендеп, жауын-шашынның жауына себеп болды. Бірақ мұндай ауа-райы тек бірер күнге сақталады. Осыдан кейін Ресейдің еуропалық бөлігінен ығысқан атмосфералық фронттар оған қосылып, ол Қазақстанда жауын-шашынды жиілетіп, көктайғақ, тұман болуына әкеліп соғады. Ауа-райы температурасы біртіндеп көтеріледі. Бірақ ол да ұзаққа созылмайды. Өйткені Скандинавияның солтүстік аймақтарынан суық антициклон келе жатыр. Ол ең бірінші кезекте еліміздің батыс және солтүстік аймақтарын иектейді», делінген хабарламада.