Дүниеге сәби әкелген аналарға Қазақстанда жәрдемақы қарастырылған. Жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін келіншектерге балалы болуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақы бірдей беріледі, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Елімізде бірінші, екінші және үшінші бала үшін аналарға 38 АЕК төленеді. Ал төртінші және одан кейінгі әр бала үшін 63 АЕК мөлшерінде жәрдемақы қарастырылған.
Айта кетейік, 2019 жылы 1 АЕК 2 525 теңгені құраса, 2020 жылы 2 651 теңгені құрайды.
Демек, 2019 жылы туған бірінші, екінші және үшінші бала үшін 95 950 теңге берілсе, төртінші және одан кейінгі нәресте үшін 159 075 теңге төленеді.
Ал 2020 жылы дүниеге нәресте әкелген аналар сәйкесінше, 100 738 және 167 013 теңге ала алады.
Жұмыс істемеген немесе ресми табысы болмаған аналарға бала дүниеге келген соң бір жыл бойы бекітілген ай сайынғы жәрдемақы төленіп тұрғады. Олардың мөлшері төмендегідей:
2019 жылы бірінші бала үшін – 5,76 АЕК, яғни 14 544 теңге, ал 2020 жылы – 15 270 теңге.
2019 жылы екінші балаға – 6,81 АЕК – 17 195 теңге, 2020 жылы – 18 053 теңге.
2019 жылы үшінші балаға – 7,85 АЕК – 19 821 теңге, 2020 жылы – 20 810 теңге.
Төртінші және одан кейінгі нәресеге 2019 жылы – 8,9 АЕК – 8,9 АЕК, 2020 жылы – 23 593 теңге.