Алматыда белсенділер «Ел басынан шіриді» деген жазуы бар плакатты Саин көшесіндегі көпірге ілді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі rukh2k10 парақшасына сілтеме жасап.
1 желтоқсан күні таңғы бесте белсенділер Алматының Саин көшесіндегі көпірге «Ел басынан шіриді. #qazaqkoktemi» деген жазуы бар баннер ілді. Баннердің суреті Instagram желісіндегі rukh2k10 аккаунтында жарияланды.
Баннердің авторы кім екені әзірге белгісіз.
«Осы акция арқылы халыққа елдің тағдыры біздің қолымызда екенін көрсетіміз келеді. Бізге жақпағандарға «жоқ» деп айтуға әрқашанда құқығымыз болған, бізде сөз бостандығы құқығымыз бар және сол құқығымызды қорғаймыз. Елде заңсыздық, жемқорлық және қорлау жайлағанда, девальвация, кредит пен ипотека займдары шектен тыс асып кеткенде біз шашылып «Бірінші президент күнін» тойлап жатырмыз» деп жазылған rukh2k10 парақшасында.