Екібастұздың әкімі болып Ержан Иманзаипов тағайындалды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұған дейін Ержан Иманзаипов Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Жаңа қала басшысын қала активіне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды, оның кандидатурасы Президент Әкімшілігімен және қалалық мәслихат депутаттарымен келісілгенін хабарлады.
Жаңа тағайындалған әкім 1984 жылы дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. 2006 жылы Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Өнеркәсіптік жылуэнергетика» мамандығы бойынша, ал 2010 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «Қаржы»мамандығы бойынша бітірген.